Головкинге Хабиб немесе Макгрегормен жекпе-жекке шығу ұсынылды

11  11   11.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге TMZ Sports америкалық телеарнасының тілшілері күтпеген сұрақ қойды. Спортшы АҚШ әуежайында ұлымен бірге бақылаудан өткелі жатқан болатын.

Аяқ астынан болса да, Головкин камера алдында сұрақтарға еш қиналмай, сабырмен жауап берді.

Қазақстандық айтқандай, келесі жекпе-жек кімге қарсы болатынын әлі білмейді және кіммен жұдырықтасса да, оған бәрі бір.

Сол кезде тілші Головкиннен ММА файтерлері, мәселен, Хабиб немесе Макгрегормен ринге шығуға бел буар ма едіңіз деп сұрады.

"Иә, екеуі де мықты. Жекпе-жекті көрдім, жақсы кездесу болды. Қайсымен шығар едіңіз дейсіз бе? Екеуімен де", — деп езу тартты Головкин.



Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz