Әлімханұлы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте 54 сатыға көтерілді

121212.jpg

Кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісінен соң қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) BoxRec.com сайтының рейтингінде жоғары өрледі, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлімханұлы 11 жыл түрмеде отырған америкалық Вон Александрды (12-2, 8 КО) жеңіп, екінші орташа салмақ дәрежесінде 54 сатыға көтерілді: 163-орыннан 109-орынға.

Қазақстандықтар арасында бұл дивизионда одан жоғары тұрған Айдос Ербосынұлы (9-0, 7 КО) – 93-орын.

Естеріңізге сала кетсек,  мүддесін Top Rank атақты промоутерлік компаниясы қорғайды, оның клиенттерінің арасында Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) және Теренс Кроуфорд (34-0, 25 КО) сияқты мықты боксшылар бар.





Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz