Дәрігер-депутат зейнеткерді «Еуразиялық банктен» құтқарды (видео)

Елең еткізер Көрілім: 147

1551696805883192.jpg

Шымкент тұрғыны Клара Тимирова «Еуразиялық банктен» құтқаруды өтініп, қалалық мәлихат депутаты, №4 қалалық емхананың бас дәрігері Рамазан Бектұрғановтан көмек сұрады. Оның айтуынша, банкке қарыз болған баласы бұдан 18 ай бұрын қайтыс болған.

 Клара Мирсаитқызы депутатқа өтінішінде 1978 жылы 17 шілдеде туған ұлы Жуков Тимур 2017 жылы 17 шілдеде жұмыс орнында жүрек ақауынан көз жұмғанын жазады. Алайда, анасы тура 39 жасқа толған күні дәм-тұзы таусылған баласының «Еуразиялық» банктен» несиеге «Айфон 7» алғанынан хабарсыз болған. Дегенмен, Тимурдың өлімінен хабардар «Еуразиялық банк» несие өтелмесе сотқа жүгінетінін мәлімдеп, 20 ақпанда хат жолдағанда бір-ақ біліпті. Зейнетақысы күнкөрісінен аспайтын қария амалсыз депутаттан демеуші тауып беруді өтінеді.

Бұған дейін ел аузында «Фосфоршылар ауруханасы» атанып кеткен №2 қалалық аурухананы басқарған Рамазан Бектұрғанов іске шұғыл араласып, көктемнің алғашқы аптасында, 8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында сайлаушысына тосынсый жасады. Зейнеткердің баласының банк алдындағы қарызын өтеп берді. Енді Клара Тимированы «Еуразиялық банк» мазаламайды. 

Елдің ықыласына бөленген дәрігер-депутатқа қарияның алғысы шексіз.

Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz