Түркістан дәрігерлері ұтымды басқарудың әлемдік әдістерін меңгеруде

shardara.jpg

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың бастамасымен өңірдің ақ халаттылары республикала ең алғаш болып денсаулық сақтау менеджменті мен әлемдік стандарттарға сай тиімді, ұтымды басқарудың әлемдік әдістерін үйренуге көшті. Ең алғашқы болып бұл жаңашылдықты Шардара аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова басқарып отырған аурухана қызметкерлері меңгере бастады.
Шардара аудандық орталық ауруханасы мен Мырзакент аудандық ауруханасының 40-қа жуық қызметкері халықаралық дәрежелі тренер, ID Group компаниясының негізін қалаушы және директоры Гүлнар Шакировадан Денсаулық сақтау менеджменті мен әлемдік стандарттарға сай тиімді әрі ұтымды басқарудың әдістерін ендірудің қыр-сырын меңгеруге кірісті. Семинар-тренингтің басты мақсаты – заманауи талаптарға сай сапалы да қауіпсіз медициналық көмек көрсету, аурухананың бәсекеге қабілетті, беделді статусын қалыптастыру, өзіндік бренд жасап, әрбір науқас үшін жағдай жасау, халық денсаулығын жақсарту.
«Біз үшін жүректің әрбір соғысы маңызды», «Бақытқа жетер жолда біргеміз!» ұранымен дәрігерлер барлық жаңа бастамаларды Шардара өңірінде енгізу үшін білек сыбана кіріспек. Заман талабына сай жаңа бастаманы әрі қарай Түркістан облысындағы барлық медициналық мекемелерде өткізу көзделген.

Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz