​Шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

30.jpgАуған әскерінің Фарах провинциясындағы ресми өкілі Нурулхак Холики тікұшақта шамамен 20 адам болғанын хабарлады. Олардың арасында Фарах провинциясы кеңесінің басшысы Фарид Бахтавар, провинция кеңесінің мүшесі Жамила Амини және 207-әскер корпусының қолбасшысы Негматуллах Халил болған. Холикидің айтуынша, тікұшақ Гератқа ұшып бара жатқан, ауа райының қолайсыздығына байланысты ол тауға соғылған. Жолаушылардың тағдыры туралы мәлімет әлі түспеді, деді ауған әскерінің өкілі. Бірақ жергілікті ақпарат құралдары апаттан ешкім аман қалмағанын хабарлап үлгерді. Апат себептері анықталып жатыр. Анордара ауданына құтқарушылар тобы жеткізілді. Бұл уақытта, Ariana News порталы апат жауапкершілігін "Талибан" қозғалысы мойнына алғанын хабарлаған. Тәліптер әскери тікұшақты "содырлар атып түсірді" деген.


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz