Н.Назарбаев келесі сайлауға түсе ме?

31.jpgМұндай мәлімдемені Елбасының өзі 17 қазанда Финляндияға сапары барысында жасады. Журналистердің «2020 жылы өтетін сайлауға   қатысасыз ба?» деген сауалына Н.Назарбаев:

-Бұл маған соңғы жылдары жиі қойылатын сұрақ.  Егер мен 2020 жылы кететін болсам, біздің балаларымыздың жарқын болашағын кім қамтамасыз етеді?-деп жауап берді. Мемлекет басшысының мұнысы әзілдеп айтқандай көрінді.

- Сіздер менің осы лауазымда ұзақ отырғанымды меңзеп тұрғандарыңыз анық. Әр бес жыл сайын өтетін сайлауда халық мені өте көп дауыспен сайлады. Тәуелсіз елдің тұңғыш басшысы, қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы ретінде менің  келесі сайлауға қатысуым  Конституцияға қайшы емес. Мен сайлауға қатысу, қатыспау туралы шешімді келесі жылы қабылдайтын шығармын. Мүмкін 2020 жылы шығар. Сол кезде білетін боласыздар, - деп жауап қатты Мемлекет басшысы.

Келесі жылға да көп уақыт қалған жоқ. 


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz