​Түркістан облысында жол мен жарықтандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр

53.jpgОның бір көрінісі Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданыдағы Зертас елді мекеніндегі жүріп жатқан жұмыстар. Төлеби ауданы, Зертас елді мекеніндегі Еламан - Сауран көшесі бойындағы көпірге орта жөндеу жұмыстары және аталған жол бойына аяқжол мен түнгі жарық шамдарын орнатып жатыр. Айта кету керек, Еламан-Сауран көшесі «Ленгір-Зертас» облыстық маңызы бар жол бойында орналасқан елді мекен. Аталған жұмыстарға тапсырыс беруші Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Ал жұмысты атқарып жатқан мердігер мекемелер «Строй Билдинг ММ» және «Истикама» болып отыр. Алдағы уақытта аяқжол салу және көпірді жөндеу, сонымен қатар, көшеге түнгі жарық шамдарын қою жұмыстары сапалы аяқталады деп күтілуде. Халықтың игілігіне арналған жұмыстарға жергілікті тұрғындар да қуанышты.


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz