Биыл 15 мың тонна ет экспорттадық – Асылжан Мамытбеков

Screenshot_5.jpg

Біз биыл 15 мың тонна ет экспортын жасаймыз деп алдымызға тапсырма қойдық, жыл соңына дейін әлі бір ай бар, дегенімен ол жоспарды артығымен орындадық. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Асылжан Мамытбеков Алматыда өтіп жатқан ІІІ Орталық-Азиялық агротехнологиялық саммитінде айтты.

Саммит барысында А. Мамытбеков талқыланып отырған мәселенің бәрі қазіргі таңда өте өзекті болып отырғандығын айта келе болып жатқан мәселені кейде басқа қырынан қараған жөн екендігін білдірді.

«Бір соқпақпен жүре беруге болмайды, ол әрдайым оң шешіле бермейді. Мәселен, 2013 жылы біз тұқымдық шаруашылық түсінігінен бас тарттық. Елде барлық тұқымдық іс пен қоса мал шаруашылығы да құриды деген дау болды. Тұқымдық қауымдастықтар құрып, оларды бізде бар техникаларға сәйкес палата деп атадық. Бұл ашық қауымдастыққа түрлі тұқымдағы малы бар қожалық иелері жүгіне алады. Онда статус нақты малға беріледі, мәселен қазақтың ақбас малы дегендей. Содан кейін жағдай бірден оңала түсті, яғни сапа жақсарып, сан арта түсті. Тұқымдық шаруашылықтар субсидияны тікелей сатып алушыдан алатын болды. Осылайша жағдай көз алдымызда жақсы жағына қарай ойыса берді. Нәтижесінде біз биыл 15 мың тонна ет экспортын жасаймыз деп алдығы тапсырма қойдық, жыл соңына дейін әлі бір ай бар, дегенімен ол жоспарды артығымен орындадық. 15 мың тонна ет экспорты деген көрсеткіш 1990 жылдардан бері болмаған», -дейді ол.

Саммит барысында аграрлық нарық және 2027 жылғы ауыл шаруашылығы өнімдеріне болжам жасалды. Қазақстан Ауыл шаруашылығы кешенін жаңғырту үшін инвестиция тарту мүмкіндіктері, ауыл шаруашылық өнімін өндіруде инновациялық технологияларды қолдану мәселелері қаралды. Сондай-ақ жылыжай кешендерінде өсірілетін өнімдердің түсімін арттыратын жарық диодты технологияларды және өсімдіктерді қорғаудағы биологиялық әдістерді қолдану мәселесі сөз етілді.


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz