Тұмау кезінде автобустарды дезинфекциялау қолға алынды

Қоғам Көрілім: 38

20190108181440.jpg

Бішкектегі қоғамдық көліктер тұмау аяқталғанға дейін дезинфекцияланады. Бұл туралы елордалық муниципалитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бішкек жолаушылар автокөлік кәсіпорны мен Бішкек троллейбус басқармасы ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырып жатыр. «Жүргізушілер құрамы мен көлік жуу қызметкерлеріне нұсқаулықтар жүргізілді.  Олар медициналық бетперде мен қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Күн сайын автобустар мен троллейбустардың салондарды хлоры бар ерітінділермен жуылады», - делінген хабарламада.




Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz