Обыр және туберкулезден болатын өлім-жітімнің ең төменгі көрсеткіші Түркістан облысына тиесілі

Қоғам Көрілім: 55

Screenshot_3.png

Елімізде қатерлі ісік және туберкулез деттерінен болатын өлім-жітімнің ең төменгі көрсеткіші Түркістан облысында тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді.

– Былтыр жалпы өлім-жітім 2017 жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға азайды. Ана өлімі 35,9 пайызға, нәрестелер өлім-жітімі 10,4 пайызға төмендеді. Еліміздің өңірлерімен салыстырғанда туберкулезден болатын өлім-жітімнің ең төменгі көрсеткіші Түркістан облысында тіркелді. Сол секілді қатерлі ісік сырқатынан болатын өлім-жітімнің ең азы да біздің облысқа тиесілі, – деді Мұқан Кеңесбекұлы.

Түркістан облысында 4993 дәрігер 2 млн-ға жуық тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді. Былтыр «Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» бағдарламасы бойынша облыстық деңгейде 4939 маман біліктілігін арттырды. 111 маман шетелдің клиникаларында білімдерін жетілдірді. Беларуь, Ресей, Оңтүстік Корея, Израиль, Өзбекстан мемлекеттерінің үздік клиникаларында тәжірибе алмасып, кәсібиліктерін шыңдады.

Жол картасы аясында Ақсукент, Кентау, Сарыағаш, Бәйдібек, Ордабасы, Жетісай, Түлкібас перзентханаларында маман және материалдық-техникалық ресурстары жоғарылатылды. Нәтижесінде тұрғындардың II-ші деңгейде көрсетілетін көмекке қолжетімділігі артты. Республикада алғаш рет жүйке аурулар паталогиясымен 3 жасқа дейінгі балаларды оңалту орталығы ашылды.

    Былтыр Түркістан облысында 46652 бала туылған. 2017 жылмен салыстырғанда нәрестелер саны 1646-ға көбейген.


     А.ДОС

Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz