Төле биде емхана ел игілігіне берілді

Қоғам Көрілім: 28

      6c156fe6-9684-41cb-b2c8-16bc39876d09.jpg

 Төле би ауданында бір күнде екі бірдей нысан пайдалануға берілді. Олардың ашылуына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, аудан тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Іске қосылған мекемелердің бірі «Бірінші Мамыр» ауылында орналасқан бастапқы медициналық – санитарлық көмек көрсететін емхана. «АША - И» ЖШС –ның бастамасымен құрылған аурухана Бірінші Мамыр елді мекеніне қарасты Тағайна, Ынтымақ, Алғабас, Жаңажол, Бейнеткеш, Зағамбар, Қожабек ауыл тұрғындарының игілігіне салынған. Небәрі бір жылда құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген бұл ауруханаға 275 млн теңге бөлінген. Ел игілігі үшін қызмет етіп отырған жаңа ғимараттың ашылғанына әсіресе ауыл тұрғындары қуанды. Емханада науқастарға жедел медициналық қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған. «Мемлекеттік қолдаудың арқасында  біз осындай нысандарды салып, ел игілігіне пайдалануға беріп жатырмыз. Бірақ, ең бастысы науқастар болмасын. Мұнда, тек ауруының алдын – алу үшін келіп емделіп тұрсын»,- деді өңір басшысы.

       Сонымен қатар, іссапар барысында облыс әкімі Ақайдар ауылында орналасқан емханаға табан тіреді. Құрастырмалы – қаңқалы модульді медициналық нысан өткен жылы тәуелсіздік қарсаңында пайдалануға берілген. 600 – дей тұрғынға қызмет көрсететін нысанда, алғашқы медициналық көмек беру жақсы қарастырылған. «2018 жылы Түркістан облысында 62 медициналық пунктерді салдық. Жылжымалы құрастырмалы қаңқалы медпункттердің құны әрқайсысы 30 млн теңгені құрайды. Тендер арқылы бастап өткізетін болсақ құны 55 – 60 млн теңгені құрайды. Демек бұл екі есе арзан. Салыну мерзімі 1 – 2 ай. Бұндай нысандар шалғай жатқан ауылдарға салынып жатыр. Мысалы, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас аудандарында да бар. Биылғы жылға 43 медпункт жоспарлап отырмыз. Ол салынып бітсе облыс көлеміндегі медпункт мәселесі шешіледі деп ойлаймыз»,- деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

   


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz