Қазақстандағы телемедицина күннен күнге дамып келеді - ДДҰ

Қоғам Көрілім: 3

20190210135448.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ресми сайтында Қазақстандағы телемедицина туралы мақала жарияланды. Онда Қазақстанның ауылды жерлерде тұратын халыққа медициналық қызмет көрсету үшін жаңа технологияларға инвестицияны көптеп салып жатқаны айтылған және телемедицина жетістіктеріне тоқталған. «Қазақстанның телемедицина жүйесі 2004 жылы құрылған. Ол ауыл тұрғындарына арнайы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында да телемедицинаға ерекше назар аударылған. Қазақстан цифрлық денсаулық саласын дамытуға күш салып жатыр», деп жазады ДДҰ сайты.

Автор Қазақстанда 2016 жылы 28 мың телемедициналық қызмет пен видеоконсультация өткізілгенін айтады. «Қазақстанның телемедицина жүйесі аудандық, облыстық, ұлттық деңгейдегі  209 медицина мекемесінде жұмыс істейді. Сонымен қатар жүйе санитарлық авиацияны да қамтиды. Бұл жүйе тек медициналық қызмет көрсету ғана емес, медициналық оқу орындары студенттеріне дәріс оқып, семинарлар өткізу үшін де қолданылады», дейді автор.




Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz