Дәрігер көмектеспесе, ол – қылмыс!

Дәрігер науқастың дертін біліп тұрып көмектеспесе, онда бұл қылмыс жасағанмен тең. Ол үшін ар сотының алдында ғана емес, заң алдында да жауапқа тартылуы тиіс. «Диагноз» газетіне берген сұхбатында №3 Шымкент қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Айна Тасболатова осылай деді.

Тасбулатова.jpgДана халық «Жақсы дәрігер ауруды жазады, жаман дәрігер ауруға ауру қосады» дейді. Ал, дәрігер қателессе, науқас зардап шегеді, мүгедек болып қалуы да мүмкін. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар медицинасы қарыштап дамыған елдерде де кездесіп тұрады.  Кей кезде науқастар өте ауыр халде дәрігерлерге түседі. Сол сәтте дәрігер ең үлкен шешім қабылдайды. Өмір мен өлім арасында жатқан науқас үшін шұғыл әрекет етуі керек. Сондай қиын сәттерде қателессе, дәрігер өмір бойы өзін кінәлап өтуі мүмкін. «Мен ота жасамағанда науқас аз күн болса да тірі жүрер ме еді...» деген өкініш болады. Бұл жағдайда пациенттің туыстары сабырлық танытып, дәрігерді айыптамаса екен деймін. Кінәлау да орынсыз. Өйткені ол сырқат адамға қарсы әрекет жасаған жоқ. Мұндай жағдайда мен министрдің (Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов – авт.) «Дәрігерлік қателік үшін жазалауға болмайды» деген пікірін дұрыс деп есептеймін. Ал, егер дәрігер науқастың дертін біліп тұрып көмектеспесе, онда бұл кешірілмейтін қателік. Керек десеңіз, мен үшін бұл қылмыс жасағанмен тең. Ол үшін ар сотының алдында ғана емес, заң алдында да жауапқа тартылуы тиіс, – деді Айна Кенжебайқызы.

Оның айтуынша, біз жұмысшыларының өміріне салғырттықпен қарайтын қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Кейбір кәсіпкерлер жеке бизнесі үшін қызметкерлерінің қауіпсіздігіне аса назар аудармайды. Кез келген азамат өзінің ғана емес, айналасындағылардың да өмірлеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бүгін ол біреудің баласы болса, ертең сенің ұрпағың да сол жағдайда түспейтініне ешкім кепілдік бере алмайды.


Diagnews.Kz : Кез-келген материалды көшіріп пайдалануға тек Diagnews.kz сайтына гиперсілтеме қойылғанда ғана рұқсат етіледі.Diagnews.Kz