Кәсіпкер қорға 100 миллион теңге аударды

92_main.jpg

Түркістан облысы қай кезде де қайырымды, жомарт жүректі кәсіпкерлерімен, атпал азаматтарымен белгілі өңір. Облыстағы кәсіпкерлер әсіресе, ел басына күн туғанда, сын сағатта қарап қалған емес.   Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жергілікті кәсіпкерлер Елбасымыздың үндеуіне үн қосып, короновирус індетіне қарсы күреске қаржылай қолдау білдіріп жатыр. 

Сондай игі істің бірін оңтүстік өңіріне кеңінен танымал кәсіпкер, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Серікжан Сейтжанов жалғастырып,  қорға 100 миллион теңге қаржылай қаржы аударды.

Белгілі меценат бұған дейін де қайырымды істердің басы-қасында жүргенін жалпақ жұрт жақсы біледі. Қазір де осы ісімен түркістандық бизнесмендерге үлгі көрсетіп отыр.

«Коронавирус тек біздің елді ғана алаңдатып отырған жоқ. 120-ға жуық мемлекетке тарап, үрей туғызып келеді. Осы ретте Елбасының кешегі үндеуіне үн қосып, осы індетке қарсы күрес жұмыстарына 100 миллион теңге бөлуді азаматтық парызым ретінде бөліп отырмын. Бұл қиын кезеңдер де артта қалып, індет ауыздықталады деп сенемін. Осындай қиын-қыстау сәтте елдігімізді көрсетіп, ынтымақ, бірліктің арқасында жеңіп шығуға шақырамын",-деді Серікжан Сейтжанов.

Танымал бизнесменнің қайырымдылық шарасын өңірдегі өзге кәсіпкерлер де жалғастыруда.