Жұмыла көтерген жүк жеңіл

1584795738688516.jpg

Жамалбек Шәріпбеков, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты:

-Адамзат- жер бетіндегі саналы түрде ойлай алатын жалғыз тіршілік иесі. Сондықтан сынаққа да көп ұшырайтыны белгілі. Бүгінгі таңдағы ауыр індеттің таралып, біздің елімізге де келгені жанымызға батып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің таралуына тосқауыл қою үшін төтенше жағдай жариялады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына карантин енгізілді.   Елбасымыз қиын сәтте халыққа қолдау білдіруге кәсіпкерлерді шақырды. Бұл үндеуге біз бірауыздан келісіп, қуана қабыл алдық. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша кәсіпкерлер біріге отырып, Елбасы мен халық артқан сенім үдесінен шығуға тырысып жүр. Сақтану шаралары мен алдын алуға бағытталған жоспарларға арнай ортақ шот ашылып, қаржы жиналуда. 

Уақытша қиындық кезеңде бір-бірімізге сүйеу бола алғанымыз жүрегімізге жылылық ұялатады. Қарапайым халыққа мемлекет тарапынан берілетін көмектен бөлек кәсіпкерлердің жәрдемі арқылы қиын сәттерді еңсереміз деп ойлаймын.

Бүгінде аты жаман аурудан сақтану үшін белгіленген тәртіпті сақтасақ болғаны. "Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды" деген Бауыржан Момышұлының сөзі бүгінде баршамызды төл ұранымызға айналуға тиіс.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жұмыла көтерген жүк жеңіл