«Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы іске қосылды

смарттуркестан.jpg

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Smart City» тұжырымдамасы негізінде «Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда цифрландыру дәуірінің талабына сәйкес мемлекеттік органдармен қабылданған шаралаларға үн қосу және ұсынылатын қызметтерді жылдам әрі оңай алу цифрлық құралдар арқылы жүзеге асырылуда. «Smart Turkistan» мобильдік қосымшасын плеймаркет арқылы сматфонға көшіріп алуға болады.

– «Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы облыс тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық қауіпсіздік, коммуналдық қызметтер, транспорт, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік саласы, жер қатынастары, такси қызметі, мемлекеттік органдар басшыларына виртуалды қабылдауға тіркелу, тұрғын үй кезегі және тағы басқа салалар бойынша қызметтерге, ақпараттарға жылдам әрі қолайлы қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, елімізде күн тәртібіндегі бірінші мәселе айналған коронавируc індеті туралы соңғы жаңалықтар, алдын алу шаралары, облыс әкімдігімен жарияланған ескертепелер, хабарламалар осы мобильдік қосымша орнатылған ұялы телефонға хабарлама ретінде келіп отырады, – дейді басқарма басшысы.