​Америкалық инвесторлар Түркістан облысына инвестиция салмақ

image.png

Сахараны гүлдендіріп, түрлендірген АҚШ инвесторларының Арысқа назары ауды. Олар Арыста жаңбырлатып суару әдісімен өнім егіп, мал шаруашылығы саласын дамытпақ. Мысыр елінде еңбек еткен инсвесторлар енді жаңа жобаны Түркістан облысында жүзеге асырады. Өндіріс алқабы күн қуатын пайдалануды көздейді.

Одан бөлек, Түркістан облысына халықаралық агроөнеркәсіп кешені саласында мамандандырылған америкалық «Valmont Industries» компаниясы инвестиция салмақ. Атап айтқанда, механикаландырылған, жаңбырлатып суару жүйесін қолдану арқылы ауылшаруашылығы өнімдерін өсіріп баптайтын машина-трактор станциясын құрмақ. Сонымен бірге жобаға салынған инвестициялар шамамен 50 миллион долларды құрайды. Жоба жүзеге асқан тұста жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мол мүмкіндік туады деп күтілуде.

 Американдық суару технологиялары өсімдік дақылдарын көбейтіп, су шығынын 50 пайызға төмендетеді. Сонымен қатар инвестициялық жоба АҚШ делегациясы ауыл шаруашылығында ғана емес, энергетика, көлік, сауда-саттық, азық-түлік белдеуін қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге дайын.

TNC Valmont Industries компаниясының әлеуетті жобаларды жүзеге асырудағы басты артықшылықтары көп. Атап айтқанда, аймақтағы құрылыс қарқынын, түрлі салалардағы жаңа технологиялардың қажеттілігін және оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ әкімдік аймақта спринклер жүйесін енгізу жобаларын кеңейтуді жоспарлады.