Жастарды жұмыспен қамтуға басымдық берілді

image.png

Облыста Жастар жылын қолдау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Облыс көлеміндегі 251 жоба мен шаралар зерделеніп, 4 идеологиялық бағытта 11 жаңа ауқымды жобалар жүзеге асты.

Атап айтар болсақ, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасының II бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» аясында 505 000 теңгелік грантты 2 093 жас иеленді.

«Жасыл ел» жобасы бойынша 1275 жас жұмыспен қамтылды. Олардың жалақылары 65 мыңтеңгені құрады.

«Дипломмен – ауылға» жобасы аясында 1695 жас маман жұмысқа орналасты.

 «Жастар практикасы» бағдарламасын насихаттау, түрлі роликтер мен челленждердің арқасында қатысушылар саны артып, 6 635 жас 6 айлық жұмыспен қамтылды.

2019 жыл – Жастар жылының ашылуындағы Елбасы –Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес,Түркістан қаласындағы құрылыс нысандарына студент жастар тартылды. Осы орайда, Түркістан қаласындағы 10 құрылыс компаниясымен келісімшарттар жасалды. Нәтижесінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 1000-ға жуық студенті 2 ай бойы құрылыс жұмыстарына қатысып, қаланың гүлденуіне үлес қосты.

Облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламаларды насихаттау, шалғай орналасқан ауылдардағы жастарға мемлекеттік әлеуметтік көмек шараларын түсіндіру, грант, несие алу жолдарымен таныстыру үшін аудандардаоблыстық мобильді топ құрылды. Нәтижесінде 8 600-ден астам жасқа мобильді қызмет түрлері көрсетілді.