Мемлекеттік қолдаудың аясында кәсіп ашты

image.png

Бүгінде ел үкіметі тарапынан кәсіп ашып, өз ісімді бастаймын деген жандарға мол мүмкіндік беріліп отыр. Осындай мүмкіндікті ұтымды пайдалана білген Сайо\рамдық тұрғын өз бизнесін ашты.

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы кәсіпкері Тойчиев Савранкул «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауды пайдаланып, «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау» қорынан жүк тасу мақсатында 6 пайызбен жеңілдетілген 5,5 млн теңге көлемінде несиеге қол жеткізген. Кеешегі жұмыссыз азамыт, бүгінгі кәсіпкер атанып қаражатқа SCANIA жүк тасмалдау көлігін сатып алған.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Сайрам аудандық филиалының менеджер-кеңесшілері кәсіпкерге жедел түрде кеңес беріп, бизнес жоспар дайындап, несие алуға қажет құжаттар пакетін жинауға атсалысқан.

"Жүк тасмалдау қызметімен айналысып, кәсіп ашу бұл менің бала күнгі арманым, ал, армандар орындалады, – дейді Тойчиев Савранкул.

– Кәсіпкерлер палатасының Сайрам ауданы филиалы қызметкерлеріне жұмысқа деген жауапкершіліктері мен құжаттар пакетін жинаудағы жедел көмектері үшін зор алғысымды білдіремін» -дедің ол.

Айта кетерлігі, Тойчиев Савранкул секілді мысалдар көптеп кездеседі. Жыл басынан бері филиал қызметкерлері 13 жобаны сүйемелдеген.