Жетісайда спорттық аяқ киім шығарылады

image.png

Бүгінде мемлекет тарапынан жастарға түрлі салада жеке бизнесін ашуға немесе кеңейтуге кең жол ашылуда. Осы мүмкіндікті жеке ісімді бастаймын деген жандарға мол мүмкіндік беріп отыр.

Жетісайда спорттық аяқ киімдер шығарыла бастады. Шағын ғана цехта ккі ауысымда 25 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жеке кәсіпкер Сәкен Шораев шығаратын спорттық аяқ киімдер жергілікті тұрғындармен қатар, көршілес аудандар мен қалаларға экспортталуда. Бағасы да қалтаға қонымды. Әр, аяқ киім 1900 – 2000 теңгенің көлемінде. Негізгі шикізатты Қытайдан алдыратын кәсіпорын тәулігіне 1500 жұп аяқ киім шығаруға қауқарлы.

«Біз өзіміз өндіретін өнімдерімізді алдағы уақыттарда брендке айналдырсақ, шағын кәсіпорынымыздың ауқымын, қуаттылығын арттырсақ деген ниетіміз бар. Кеңейіп жатсақ қосымша жұмысшыларды қабылдап, халықтың тұрмысын жақсартуға үлес қоссақ дейміз. Біздің өңірден, Жетісай топырағынан шыққан спорттық аяқ киімдерді (красовка) алыс-жақын шет елдерге экспорттасақ дейміз»,-дейді кәсіпкердің.

Ал, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Ердесбек Жақсылық жуырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ордабасы аудандық филиалы арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы арқылы өз кәсібін бастауға қайтарымсыз 505 000 теңге алып, «Dos Doner» атты фастфуд асханасын (тез тамақтанатын орын) ашты. Жас кәсіпкер өз кәсібін дамытып, алдағы уақытта тағы да әрі қарай өз шаруасын кеңейте түсетінін жеткізді.