«Алтын дәрігер» 63 жаста!

   Screenshot_1.jpg                   

Өмірде қарапайым, қашанда көмек қолын созуға асығып тұратын кең жүректі азамат Даниярбек Раисұлы  Піртаев алпыс үшке аяқ басып қалыпты.

Бойында ерекше талғамы бар жас жігіт Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтын дәрігер педиатр мамандығы бойынша 1983 жылы бітіргенде бәріміз қуандық.

 Даниярбек Раисұлы 1957 жылы 4  қазанында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданыныдағы  Шарбұлақ ауылында дүниеге келген. Жас маманды Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасына жұмысқа қабылдағанда бұл қуанышымыз арта түсті.

Туыс- бауыр , дос жарандарына ғана емес, көз қуанышы бүлдіршіндеріне ем іздегендердің баршасына қуаныш сыйлайтын ақ желенді абзал азаматтың біліктілігі жоғары бағаланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ординатор дәрігер қызметіне аустырылды. 1992-1995 жылдары облыстық балалар ауруханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды.

Уақыттың орнында тұрмайтыны секілді денсаулық сақтау құрылымында да ішкі өзгерістер ,жаңаша бетбұрыстар болып жатты. Қала тұрғындары санының артуына байланысты амбулаториялық жүйелер тармақтала бастады.

Шымкент қаласының өзінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету желісі ұлғайып, бастапқы медициналық-санитарлық көмектен бастап, зертханалық орындар, клиникалық зерттеу анализдері белең алып амбулаториялық стационар және стационар алмастыру арқылы көрсетілетін кызметтер білікті де білімді мамандарды күтіп тұрды.

Даниярбек Раисұлы осы кезге дейін жинақтаған тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін елге арнауды ұйғарды . Бұл ұйғарымға , әрине, денсаулық сақтау жүесі басшылырының да тікелей қолдауы әсер етті де 2006 жылы Сайрам ауданы медицина бірлестігінің «Қаратөбе» дәрігерлік емханасының аға дәрігері жауапкершілігі жүктелді.

Бүкіл саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған тәжірибелі маман 2013 жылдан бастап 2018 жыл аралығында Сайрам аудандық емханасыеың  бас дәрігері қызметін атқарды. 2018- 2019 жылдары Қазығұрт аудандық ауруханасында бас дәрігер , қазіргі таңда № 12 Шымкент қалалық емханасында бас дәрігердің орынбасары қызметін  аткаруда.

Қырық  жылдық еңбек жолында облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармаларының грамоталарымен марапатталды. 2017 жылы ҚР дәрігерлер ұйымдастығының шешімімен « Алтын дәрігер» төс белгісімен марапаталды.

Төрт баланың әкесі, үш немеренің атасы , ардақты әріптесімізді №12 ші қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Даниярбек Раисұлын 63 жасқа толған мерейлі мерекесімен құттықтаймыз.  Деніне саулық,  отбасыны амандық, басына бақ- береке тілейміз.

Манап ДОСАНОВ,  «Қаратөбе» бөлімшесінің меңгерушісі 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Алтын дәрігер» 63 жаста!