Темекіні дәрі ретінде қолданған

Screenshot_5.jpg

Темекінің адам денсаулығына тигізер зияны шаш етектен екенін  ғалымдар бүгінде дәлелдеген. Ал ХІХ ғасырда дәрігерлер  шылымның түтінін емдік мақсатта пайдаланғаны сол кезеңдегі медицинаның әлсіздігін аңғартса керек. Темекі тыныс алу жүйесі мен өкпенің жауы екені белгілі.  Бір қызығы   ХІХ ғасырда шылымның түтіні астма ауруына таптырмас ем деп есептеліп, онсыз да тынысы тарылған науқасқа темекінің түтінін жұқтызған екен. Олар астма ауруы адамды күйгелек, ашушаң етеді, жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді деп ойлаған. Ал темекі шегу бұл қобалжуды басып, тыныс алуды кеңейтеді деген тұжырымда болған.  Әрине ақ халаттылар сол кезде бұл терепияның пациентке пайда емес зиян  келтіріп жатқанын әсте сезген жоқ. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Темекіні дәрі ретінде қолданған