Жолдау жүктеген міндет жүзеге асуда

«Машина жасау саласы – индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты. Сондай-ақ,  экономиканың негізгі салаларының бірі. Мем¬лекет бұл бағыттың орнықты дамуы үшін барынша қолдау көр¬сетіп келеді. Бұл жайында мемлекет басшысы өз жолдауында кеңінен сөз етіп, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Сонымен қатар, мемлекет басшысы аталған саланың сандық формат үдерісінен тыс қалмау керектігіне маңыз берген болатын. Жолдауға айтылған жағдайлар бойынша бүгінде елімізде ауқымды істер атқарылуда.  

0d38f957-38bd-42af-aa96-fe1600649f93.jpg

Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі- «Ленгер машина жасау» зауыты іске қосылатын болады. Аталған жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда зауытта толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. Нәтижесінде жалпы өндірістік аумағы 13096 шаршы метрді құрайтын алпауыт кәсіпорын іске қосылатын болады.

Кәсіпорын машина жасау өнеркәсібіне маманданған. Зауытта халықтың сұранысына қажетті машина жабдықтары, жиһаз өнімдері, темір бұйымдары мен бөлшектері шығарылмақ. Зауыттың жыл сайынғы өнімділігі 60-70 тоннаға жетеді. Айта кетерілігі, мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда. Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 250 адамды жұмыспен қамту көзделініп отыр.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жолдау жүктеген міндет жүзеге асуда