Медиктер екпенің екінші компонентін салдырды


12..jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа арнаған Жолдауында коронавирус індетіне қарсы күреске баса назар аударғаны белгілі:

-  Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет.

Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз ке¬рек. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдап, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген бол¬жам¬дарға негізделуге тиіс,-деген болатын.

Індеттің алдын алудың бір жолы азаматтарға екпе салдыру.  

Соңғы тәулікте Түркістан облысында коронавирус анықталған 5 адамың үшеуінің дерті симптомсыз өтуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағындағы коронавирус инфекциясы мен санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы соңғы мәліметтер айтылды. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовтың баяндауынша, өңірдің мемлекеттік зертханаларында өткен тәулікте 1,5 мыңға жуық адам тексерілді. Зерттеулер динамикасы бойынша алдыңғы аптамен салыстырғанда ПТР зерттеу саны 1,1 %-ға көбейген. Облыс аумағында медицина қызметкерлері вакцинаның екінші компонентін салдырды. 

Барлық аудан, қалаларда мобильді топтар жұмыс істеуде. Карантин режимін бұзғандар бойынша шұғыл ақпарат 1 сағат ішінде Үйлестіру орталықтарына жолдауы тиіс. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық аудан, қала әкімдеріне мобильді топтардың жұмысын күшейтіп, карантин талаптарының сақталуын шұғыл түрде тексеруді тапсырды.