Жылыжайлардың 35 пайызы Сарыағашта

14..jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі проблемаларға тоқтиалып:

-Субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет,-деген болатын.      

Түркістан облысында соңғы жылдары шаруалар бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасына зор қызығушылық танытуда. Жуырда осыған байланысты Сарыағаш ауданында осы тақырып аясында семинар-кеңес ұйымдастырылды. 

«Облыстағы жылыжайлардың 35 пайызы осы Сарыағаш ауданына тиесілі. Біз, өнімді ең ерте алатын өңірміз. Сатудың да қиындығы жоқ. Арнайы сайттар бар. Солардың санын көбейту керек. Өнімді өздері алып кетеді. Бір алқаптан 2-3 өнім алуды қолға алғанда көбі сенімсіздікпен қараған болатын. Қазір біз осының тиімділігін дәлелдедік, деуге болады. Үй іргесінде табыс табу үшін израильдік технология енгізілді», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған шарада. 

Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы Қазақстандағы ең қолайлы өңір болып табылады. Облыста 71 мыңға жуық шаруашылықтар бар, бұл – Республиканың 35 %. Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы салаларын дамыту бойынша 8 облыстық, республикалық семинар-кеңестер өткізіліп, агроөнеркәсіп субъектілерін озық технологияларды енгізуге ынталандыру, ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Осы бағыттың тиімділігіне орай, ағымдағы жылы 6 мың гектарға 2760 жобаны жүзеге асыруды жұмыстары басталды. Қазіргі таңда 1622 жоба бойынша 3,4 мың гектарға бірінші өнім егілді.

«Ауыл шаруашылығын көтеру үшін жаңа технологияны енгізу керек. Әсіресе үлкен шаруашылықтарда. Нөлдік технологияға өту қажет. Жаңбырлатып суаруды Түркістан төңірегінде көрсетіп жатырмыз. Біздің жерге өте қолайлы әдіс. Суды үш есе үнемдейді, өнімді 4 есе көп береді. Сондай-ақ Түркістанда Қазақстандағы ең үздік сүт фермасы болады. Қазіргі технология бойынша аз ғана жерде 10 мың басты ұстауға болады»,-деді облыс әкімі. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жылыжайлардың 35 пайызы Сарыағашта