Қарамұрт атауы қайдан шыққан?

12.jpg

Сайрам ауданы әкімінің бастамасымен «Ауыл ел тірегі» жобасы аясында ауылдық округтердегі он күндіктер Қарамұрт ауылында жалғасын табуда. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қарамұрт ауыл округіндегі тарихи-мәдени орындарының жағдайымен тереңірек танысып, мәдениет басқармасына ұсыныс беру жұмыстары жоспарланған болатын. Осы мақсатты орындау мақсатында Қарамұрт ауылының кейбір тұрғындары ғана білетін, Сайрам ауданы халқына беймәлім біршама киелі орындарды зерттеп зерделедік. Солардың бірі Хален баб туралы. 

Хален баба кім? Және ол туралы қандай мағлұматтар бар. Айта кететіні, Қарамұрт атауы тарихи тұлғамен тікелей байланысты. Ғұлама ғалым Л.Н.Гумилев «Хұндар» атты монографиясында хун мемлекетін қайта күшейткен даңқты қолбасшы Хэлян Баба туралы жазады. Сонымен, Қытайдың ескі әулеттік жылнамаларында атағы әлемге кеткен хұн елінің шаньюі (жоғары бас билеуші) Мөденің тікелей ұрпағы Хален бабаның қорымы Қарамұрт ауылында орналасқан. Қазақтың көрнекті ғалымы Ә.Қоңыратбаев кезінде «жужан мемлекетін Хален баба жасап, Ордоста тұрады» деген ой айтқан еді. Қытай тарихнамасында ол «садағы мен семсері» қолынан түспеген қаһарман қолбасшы ретінде айтылады. 

Атақты түркітанушы ғылым Баскаковтың айтуынша, түркі халықтарының түстік топографиясында «қара» - солтүстік дегенді білдіреді. Сондай-ақ, «қара» сөзінің семантикасы күшті, үлкен деген мағынаны береді. Демек, Қарамұрт атауы «қара – үлкен/ ұлы + «мұрт – ер кісі» яғни солтүстіктен келген үлкен тайпаның ұлы қолбасшысының есімімен байланысты болса керек. Ескі Қытай жазба деректерінде мынадай мағлұматтар кездеседі: Әскер ұстап, қол бастағандарды хален (қыран, сайып қыран) деп атаған. Шындығында, Хален баба үлкен қол бастаған даңқты қолбасшы екендігі ескі Қытай жазбаларында жақсы жазылғаны бар. Қара түстілерді хе ло бян – хе ло шор деп атады. Шор атауы он оқ (бес дулат және бес нишуби) тайпасының билеушісінің лауазым иесі. Демек,Y ғасырда шығыстан батысқа жылжыған Түркі қағанатын құрушылар қаһарман қолбасшы бабасының есімін өздерімен бірге Қарамұрт жеріне алып келген. Бұл жөнінде Лев Гумилевтің еңбегінен оқып білуге болады. Ал қазақтың ауызша тарихнамасында Хален баба былай айтылады: 

Сайрамда бар сансыз бап, 

Отырарда отыз бап, 

Туркістанда түмен бап, 

Бабтардың бабы Арыстан бап, 

Ең үлкені Хален бап, 

Қазақтың ғұлама ғалымы Әлікей Марғұлан баптардың кімдер болғанын өз еңбегінде жақсылап жазған. Сонымен, Қарамұрт атауы кісі күлерлік «қара мұртты кісінің» аты емес, даңқты қолбасшы Хален баба тарихымен байланысты айтылса керек» деп баяндалады.

(Материалды дайындаған.Бөлімнің бас маманы Бекболат Оспанов және Қарамұрт ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Камылхан Қозытаев).


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қарамұрт атауы қайдан шыққан?