Тұрғындардың талап-тілегі қараусыз қалмайды

13.jpg

Сайрам ауданы әкімдігі ауылдық округтердің тұрғындарынан түскен әр хатты жіті қарап, қажетті жағдайда азаматтардың өзімен бірге зерделеуді дәстүрге айналдырған. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі  хабарлады. Жақында Көлкент округі, Ханқорған ауылының ақсақал қариялары мен жалпы тұрғындар атынан арыз түскен.

"Біз ауылымызға мәдениет үйі мен спорт кешенін сұрап отырғанымыз жоқ. Халыққа ең ең қажетті болып отырғаны күнделікті тұрмыста қолданылатын ауыз суы, жарық, интернет желісі осымен қатар қоқыс мәселесіy реттеп беруіңізді сұраймыз,-делінген хатта.

Аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудан әкімі орынбасары Шухратулла Азаттуллаұлы Көлкент ауылдық округігің тұрғыны С.Алашбаеваны қабылдады.

Қабылдауға аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ж.Абданбеков, Көлкент ауылдық округінің әкімі Ө.Юлдашев, аудан әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімшесінің басшысы И.Марин, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы М.Нұрлыбаев, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің бас инспекторы Д.Джаппаров қатысты.

Ауыз су мəселесі бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мен ауыл округі əкіміне орын алған кемшілікті жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетсек Ханқорған ауылындағы тозығы жеткен, ескірген электр бағаналарға толық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, ауыстыруды қажет ететін бөлігін «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілік шектеулі серіктестігіне ұсыныс енгізілгені түсіндірілді.

Сондай-ақ Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқарамасына аудан бойынша интернет желісі төмен ауыл округтерінің жылдамдығын көбейту бойынша тиісті ұсыныс хаттар жолданған.

Ханқорған ауылының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын «Жаса-1» жауапкершілік шектеулі серіктестіктің жүргізіп отырған жұмысының сапасыздығына байланысты елді мекен тұрғындары аталған мекемемен түзген келісімшартын бұза отырып, басқа мекемемен келісімшартқа отыруға құқылы екендігі түсіндірілді.