«Есіктен есікке» акциясы өтуде

14.jpg

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Ауыл-Ел тірегі" он күндік іс-шарасы аясында Қарабұлақ ауылында аудандық ішкі саясат, "Жастар ресурстық орталығы" қызметкерлері, еріктілер және белсенді жастардың қатысуымен "Есіктен- Есікке" акциясы өтуде.

Акция аясында ауыл тұрғындарына ҚР Президентінің дәстүрлі Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын, мемлекеттік бағдарламаларды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралықты достықты нығайту мәселелері бойынша арнайы парақшалар, таратылып, кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, онкүндік аясында Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Жақыпбеков жеке қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындарын қабылдады.

Жеке қабылдауды болған Махбубекова Гаухар карантин талаптары бойынша , Исмаилова Нурбибі өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу және ауыл тұрғыны Шакимов Шавкат жастар тәрбиесі, олар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша сұрақтар қойып, ұсыныс – пікірлері білдіріп, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес 14 мамыр күні Қарамұрт ауылында орналасқан мектептердегі номенклатуралық құжаттардың дұрыс жүргізілуі, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында бөлім әдіскерлері Т.Садиков, Н.Раимкулов, Н.Абильдаева, Ф.Исмаилова және С.Усмановтар іссапарға шықты. Іссапар барысында онкүндік жоспарына сәйкес, мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуына, мектеп ауласының, сынып бөлмелерінің тазалығына да көңіл бөлінді.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Есіктен есікке» акциясы өтуде