Мемлекеттік қызметкерлер-Түркістанда

19.jpg

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кызмет істері агенттігі төрағасы А.Жайылғанованың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Әдеп жөнiндегi уәкiлдердiң қызметін одан әрі жетілдіру, сапалы да салиқалы қызметшілер үрдiсiн қалыптастыру бойынша 2021 жылғы бекiтiлген жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер киелі шаһар Түркістан қаласында болып кайтты. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігі хабарлады. 

«Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер үшiн еліміздің қастерлі орындары мен киелі жерлерін аралау, мәдени мұра ескерткіштерiмен танысу, мұражайлар мен театрларга экскурсиялар жасау, тарихи орындарға тағзым ету шаралары бекітілген.

Өрелi де өнегелі жоспарды басты мақсаты тұтқан Созақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшiлерi осы жылдың 15 мамыр-сенбі күні Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етiп, жаңадан бой көтерген «Керуен сарай», "Ұшатын театр" сынды кешендерді аралап кайтты. Батырлар жырында, ертегілерде айтылатын сағат санап, күн санап өсетін батырларымыз сияқты күн санап күнмен таласа көкке өрлеп, жаңарып, жасарып келе жаткан сәулетті қаламыздың көркіне таңданбасқа шара жоқ. Мемлекеттік қызметшiлерiмiз түркі халықтарынын қасиетті ордасын аралап, түрленіп түлей түскен рухани шаһардың жаңаша келбеті мен жарқын бейнесіне тамсана да тандана карап, алдағы уақыттарда бұдан да көркейе түсеріне бек сеніммен оралды.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мемлекеттік қызметкерлер-Түркістанда