Мақсат-өзекті мәселелерді зерттеу

20.jpg

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, билік пен қоғам арасында тиімді диалог орнату мақсатында Созақ ауданының прокуратурасы арнайы жұмысшы тобын құрды. Басты міндет - қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына назар аудару, әрібір ауылдық округтегі өзекті мәселелерді зерделеу. Жұмысшы топ құрамына Созақ ауданы әкімдігінің түрлі салалық бөлім басшылары енген. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жұмысшы топ 12, 13 мамыр күндері Құмкент, Жартытөбе, Шолаққорған, Сызған, Созақ ауылдық округтері менен Таукент кентіне арнайы барып елмен кездесті. Кездесу барысында халықтың жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелері, коммуналдық шаруашылық, жол саласы, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы, жер қатынастары салалары бойынша мемлекеттік бағдарламалар, заң талаптары түсіндірілді. Елдің ұсыныс-пікірлері, мұң-мұқтаждары, өтініш-тілектері тыңдалып, сауалдарына бөлім басшылары тарапынан жауаптар берілді. Ауыл, кент тұрғындарына әкімшілік, мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан кедергілер келтіру, сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жағдайда 1424 сенім телофонына хабарласуға болатындығы айтылды. 

Жиындар барысында көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмай, арнайы жұмыс жоспары жасалып заң талаптарына сай шешу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіледі, сонымен қатар аудан прокуратурасының жіті бақылауында болады.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Мақсат-өзекті мәселелерді зерттеу