Түлкібастық ардагерлер Түркістанда

29.jpg

Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Елінді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» – деп атап көрсеткен болатын. Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге қандай құрмет көрсетілсе де артықтық етпейді. Оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы. Осы орайда ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аталған аудандағы әр түрлі саласында қызмет еткен 30-тан астам ардагерлер мен батыр аналар күн санап ғарыштап дамып, түрленіп келе жатқан Түркістан облысы мен Түркістан қаласының киелі орындарын аралап, зиярат етті. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

-Оңтүстік, тарихы терең киелі орындарға бай өлке екені айтпасада белгілі. Түлкібастық қарттар әр бір киелі орынды аралау барысында оның тарихымен танысып, естелікке суретке түсіп, тарихи мекендердегі көне жәдігерлермен танысты. Бұл саяхаттан аудан ардагерлері рухани серпіліп, қасиетті өлкеге саяхат жасау арқылы айрықша әсерге бөленіп, марқайып қайтты. Айта кетерлік, аралау барысында ардагерлермен бірге арнайы медицина қызметкерлері бірге жүріп, карантиндік талаптар толығымен сақталды,-делінген аудан әкімдігінің таратқан ақпаратында. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Түлкібастық ардагерлер Түркістанда