Оқушылар кең, жарық ғимаратта білім алатын күн алыс емес
Бүгінде республиканың барлық түкпірінде оқушылар мектепке барып білім алып жүр. Оқушыларға сапалы білім беру өте өзекті. Себебі бүгін ақпараттық-технологиялық дәуір. Мұнда білекке емес, білімге сенгендер ғана биікке шыға алады. "Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады" сөзі осы дәуірде маңыздылығын арттырады. Ал оқушыларға сапалы білім беру үшін жайлы ғимарат қажет. Аңғал-саңғал ғимаратта оқушы сапалы білім ала алмасы белгілі.
Осы орайда Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев ауданда салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, мұқият тексеріп шықты. Қазығұрт ауылындағы Қазығұрт 200 орындық, Қызылқия ауыл округі Айнатас 100 орындық, Тұрбат ауыл округі Ақпарақ 200 орындық мектептерінің құрылыс жұмыстарымен танысып, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстардың жағдайын саралап, жауапты мердігер компания басшыларына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды. Мердігерлер әкімдге құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімнен кешіктірмей тапсыратынын айтып уәде берді.
Алдағы уақытта қазығұрттық оқушылар еңселі биік, кең ғимаратта жымиып отырып білім алатын күн алыс емес. Бүгінгі балаға салынған инвестиция - ертеңге елдің жарқын болашағына салынған инвестиция.