Жол мәселесі шешімін табады

Screenshot_5.jpg

Жол мәселесі қашанда өзектілігін жоғалтқан емес. Жол арқылы алыс жақындап, көптеген тірліктер дер кезінде тындырылады. Әсіресе күзгі жауын-шашынды, қысқы аязды, боранды күндері жол мәселесі өте маңызды. Егер жолға асфальт, тас төселмей, топырақ болып жатса тұрғындарға ыңғайсыздық тудырады. Жауынды күндері топырақ жол лайсаң тартып, айналаға балшық шашырайды. Бұл өз кезегінде қаншама қиындықтар тудырады. Және түрлі ауру-сырқау азаматтар лай жол салдарынан дер кезінде аурухана жете алмай жағдайын қиындатып, дертін асқындырып алуы әбден мүмкін.

Осы орайда аталған проблемаларды болдырмас үшін Қазығұрт ауданының әкімі А. Абдуллаев Жаңабазар ауыл округінде жүргізіліп жатқан Жаңабазар елді мекені Барлыбай көшесінің орта жөндеу және К.Әзірбаев мектебінің құрылыстарын аралады. Қазіргі таңда жауапты мердігерлер құрылысты аяқтауға жақын.Құрылыс аумағында 50-60-ге жуық адам еңбек етуде, оның ішінде 40 жұмысшы жұмыспен қамту орталығынан қамтылған. Аудан басшысы нысандарды аралау барысында құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасады. Мердігерлер өз кезегінде жұмысты уақтылы аяқтайынын айтып уәде берді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Жол мәселесі шешімін табады