8 айдың есебі берілді

Screenshot_6.jpg

Әкімдер әрқашан атқарған жұмыстары туралы халыққа есеп беріп тұрғаны абзал. Әкім - халыққа қызмет етуші. Олар әрқашан халықпен бірге болып, мұң-мұқтажына құлақ асқаны жөн. Халықпен бірлесе жұмыс істеген әкім көптеген мәселенің оң шешімін табады.

Осы орайда Қазығұрт аудан әкімі Арман Абдуллаев 8 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер жайлы  мәслихат депутаттарына есеп берді

2021 жылдың 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Еліміздің алдағы уақыттағы даму бағыттарының негізгі міндеттері айқындалған Жолдау елдің әл-ауқаты мен экономикалық қуатын еселейтін маңызды міндеттер жүктеп отыр.

 Аудан әкімі А.Абдуллаев әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері кіріс көзінің ұлғайғаны, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік салаларындағы оң игі бастамалар, сонымен қатар барлық басқа салалар бойынша атқарылған және алдағы жоспарлар бойынша кеңінен баяндады.  Депутаттар қойған сұрақтарына толық жауап алды және аудан әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 8 айдың есебі берілді