Түлкібас ауданы 2022 жылы 100 пайыз газбен қамтылады

Түлкібас ауданы халық санына шаққанда 99,9 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілген. Биыл көп жылдан бері шешімін таппай келген аудан орталығынан шалғай орналасқан Түлкібас кентіне қарасты Иірсу елді мекеніне газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі. Бұл жұмыстар аяқталған жағдайда аудан еліміздегі табиғи отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген алғашқы аудандардың қатарына еңбек.

image.png

 Бұл жайында  аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы Түлкібас кентінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді. 

image.png

Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен Түлкібас кентінде ауқымды жұмыстар жүзеге асқан. Атап айтқанда, тұрғындар өтінішіне сәйкес, аудан әкімінің тапсырмасымен кент орталығындағы Б.Момышұлы саябағында заманауи балалар ойын алаңшасы мен стрит-воркаут бой көтерген. Елді мекен шегінен 36,6 га жерге инфрақұрылым тарту жұмыстары жүзеге асқан. Нақты айтқанда ауыз су, кәріз жүйесі және электр желісі толығымен тартылған. Аталған аумақ 10 көпқабатты тұрғын үй, 146 жеке үй және әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға есептелген.