«Алаудың» жұмысы таныстырылды

Кентау қалалық емханасында «Алау» жастар денсаулық орталығы өз жұмысын бастаған болатын. Орталықтың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың психологиялық һәм соматикалық денсаулығын бағдарлау. Мұнда жастарға гинекологиялық, психологиялық және өзге де қызмет түрлері көрсетіледі. Орталыққа 10 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер жүгіне алады. 

Screenshot_11.png

Кеше Кентау қалалық емханасында мектеп және колледж студенттеріне орталықтың қызметімен таныстыру мақсатында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні барысында жастарға жұмыс барысы мен қызметі жайлы жіті мәлімет беріліп, кез-келген уақытта жүгінуге болатыны жайлы сөз болды. Жалпы, орталық емхананың бөлек корпусында орналасқан. Жайлы кабинеттер мен техникалармен қамтылған. Ашық есік күнінде жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: «Алаудың» жұмысы таныстырылды