Шымкентте бауыр церрозына бірегей ота жасалды

Шымкенттік дәрігерлер  өңірде алғаш рет бауыр циррозына  шалдыққан науқасқа эмболизация әдісімен  күрделі ота жасады. Бауырдағы дерттің асқынуының алдын алатын мұндай бірігей ота   Қазақстанда екінші рет жасалып отыр.  

Screenshot_10.png

№2 қалалық аурухана базасында өткен операция кезінде дәрігерлер  тамыр ішілік әдіспен өңештегі кеңейген қан тамырларына арнайы құрылғымен  еніп, оны бітеп берді. Мұндай күрделі операцияны меңгеру үшін жергілікті дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы  №1 көпсалалы қалалық ауруханасының жоғары санатты, рентгенэндоваскулярлық хирургі Мун Е. В. қатысуымен   шеберлік сабағын өткізді.   Тәжірибе алмасу кезінде №2 қалалық ауруханасының хирургтары 1971 жылғы науқасқа үш сағат бойы ота жасады. 

Дәрігерлердің сөзінше, операция сәтті өтті. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. 

Нұржан Қарабаев, №2 қалалық ауруханасының рентген-хирургі «Бұл әдістер науқастардың өмірін ұзартуға және сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Сондықтан портальді  гипертензиясы бар науқастарды қан кетуге дейін жеткізбей алдын ала емдеу әдістерін ұсынған маңызды. Олардың бірі асқазан және өңеш веналарының варикозды кеңуін  «CARTO» әдісімен эмболизациялау.Бүгін осы әдіспен алғаш рет ота жасадық. Бұл тәжірибиеден кейін мұндай отаны өзіміз көптеп жасаймыз деген сенімдеміз. Бұл отаның тиімдігі бір ғана тесік арқылы пациенттің жағдайын жақсартып, қан кету қаупін азайту»

Айта кетейік,  №2 қалалық ауруханада бұған дейін  бауыр циррозына шалдыққан науқастарға  көк бауырдың артериясын  эмболизациялау  әдісі арқылы  15 ота жасалған болатын. Ал бүгінгі операция барысында дәрігерлер науқастың өңештегі варикозды кеңейген қан тамырларын инвазивті эндоваскулярлық әдіспен бітеп берді. Тіліксіз жасалатын бұл операция науқаста қан кету қаупін азайтады. Бүған қоса трансплантацияны, яғни бауыр алмастыруды  алдын алады.