Республика бойынша Еуропалық иммундау апталығы жүргізілуде

Screenshot_6.png

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы жүргізілуде. Осыған орай Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы және санитариялық эпидемиялогиялық қадағалау департаментінің ұйымдастыруымен семинар болып өтті. Шараға медициналық ұйымдардағы иммунолог дәрігерлер қатысып, екпе турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Салаға жауаптылардың сөзінше, EИА мақсаты ата-аналар мен тәрбиешілер, денсаулық сақтау мамандары, саясаткерлер мен шешім қабылдайтын адамдар және БАҚ арасында иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру арқылы вакцинациямен қамтуды арттыру болып табылады. 

Осы аптада жоспарлы вакцинациялаудыың өмір бойына денсаулық пен салауаттылықты сақтауға қосқан үлесі атап өтіледі және де COVID-19-ға қарсы вакцинациялау пандемияның шектеулерін жоюға көмектесетін өмірлік маңызды құрал ретінде атап өтіледі.

ЕИА -2022-нің басты жолдаулары

Оның мақсаты – әр адамның ұзақ және салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге септігін тигізетін вакциналарға тең және кеңінен қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту: 

• Вакциналардың құндылығы дозамен емес, салауатты және ұзақ өмір сүрумен өлшенеді.

• Вакциналар бәрімізге бақытты өмір сүруге мүмкіндік пен үміт береді. Бұл үшін бәріміз күресуіміз керек.

• Вакциналар барлық уақыттағы ең тиімді ғылыми өнертабыстардың бірі болып табылады; олар ұрпақты көптеген жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі. 

• Қызылша, диарея мен пневмонияның кейбір себептері сияқты бір кездері жиі кездесетін аурулардың алдын алуға арналған вакциналар бүкіл әлем бойынша балалардың ұзақ және толық өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Барлық адамдар, қай жерде болса да, өздеріне қажет және лайықты вакциналарға тегін қол жеткізе алуы керек.