Туризм мекені–медресе

Screenshot_4.jpg

Сарыағаш ауданын бүгінде бүкіл ел үш асыл қасиетімен таниды. Оның біріншісі, атақты шипажайлары. Екіншісі бау-бақшасы мен егіні. Үшіншісі осы мешіт-медресесі. Мешіт бар жерде, қасиетті Құран аяттары оқылған жерде береке құтаяды. Тыныштық пен тазалық болады. Бүгінде халық Сарыағашты тек шипажайлары үшін емес, рухани азық іздеп те келетін болды. Ата-аналар еліміздің әр өңірінен келіп осында діни сауат ашуға балаларын медрсеге тапсырып кетіп жатыр. Сарыағаш аймағы міне осы рухани ордасымен де қазақстандықтардың жүрегінің төрінен ойып тұрып орын алуда деді "Сарыағаш" медресе-колледжінің директоры Д.Сманов.

Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Сманов 1985 жылы 19 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында дүниеге келген. 3 қыз, 2 ұлдың әкесі. Д.Сманов өз кезегінде 1991-2002 жылдары Ынтымақ ауылындағы С.Майлықожа атындағы орта мектепте білім алған. 2003-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Сұлтанқорған мешітінің Құран Кәрім курсын тәмамдайды. 2007-2009 жылдары Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Араб тілі институтында білімін жалғастырады. 2009-2013 жылдары Сауд Арабиясындағы "Ислам" университетінің Шариғат факультетін үздік дипломмен бітіріп шығады. 2015-2017 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің Дінтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін де қорғайды. 2015-2017 жылдары "Науан хазрет" атындағы Көкшетау Орталық мешітінің наиб имамы қызметін атқарады. 2015 жылдан бері Ақпараттық-насихат тобының мүшесі. Және  2017 жылдан бастап "Әзірет Сұлтан" мешітінде ұстаздық еткен. Сонымен бірге 2020 жылы "Әзірет Сұлтан" мешітінде наиб имам қызметін де қоса атқарды. Ол әрі Астана қалалық "Жергілікті түсіндіру тобының", ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі. 2019 жылдан бастап ҚР АҚД Дін істер комитетінің жанынан құрылған өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобында да белсенді мүшелік құрамында.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Туризм мекені–медресе