Еуропалық иммундау апталығы
ДДҰ-ның еуропалық аймағы аурудың алдын-алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар болу үшін жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын атап өтеді. 2023ж. 23 – 29 сәуір аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі.
2023 жылғы ЕИА «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен өткізіледі және мынадай негізгі хабарлармаларға назар аударылады.
- «Әрбір доза маңызды»;
- «Уақыт маңызды»;
- «Вакцинация туралы әңгімелеу»;
- «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75-жылдығы».
Вакцинацияның маңыздылығы.
Қазіргі таңда жаһанда вакцинация инфекциялық аурулармен күрестің ең тиімді және экономикалық адал әдістерінің бірі. Вакцина профилактикада ең маңызды рөл атқарады. Тұрғындар арасында бұл негізгі және қолданбалы алдын алу шаралары болып келеді. Иммунизация жүргізу әртүрлі жұқпалы аурулардың біріншілік алдын алуда ерекше маңызы бар. Қазіргі таңдағы медицина саласы жалпы эпидемия болуын алдын алуда әртүрлі әдістерімен алда келе жатыр. Сол көптеген денсаулықты нығайту және алдын алу шаралар ішінде алдынғы орында екпе жасау болып келеді. Вакцинация барлық уақытта көптеген қауіпті жұқпалы аурулармен күресудің негізгі құралы. Адам организміне әлсіз микроорганизмдерді енгізу әдісі 18 ғасырда медицина ғылымындағы көрнекті жетістіктердің бірі иммунитет қалыптастыру мақсатында миллиондаған адамдар өмірін құтқарды.
Вакцинациялау халық денсаулығын сақтауға, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық күнтізбесіне сәйкес тұрғындарға 20 жұқпалы ауруға қарсы ақысыз, жоспарлы түрде иммундау жүргізіледі.
Жыл сайын вакцинаның арқасында 3 миллиондай сәби ажалдан аман қалып, 750 мыңдай бала мүгедектіктен арылады екен. Вакциналар бәрімізге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік пен үміт береді. Бұл үшін бәріміз күресуіміз керек.
2023 жылғы Еуропалық иммундау апталығының іс-шаралары мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады:
- вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы хабардар болуды арттыру;
- жасөспірімдерге, ата-аналарған және денсаулық саласындағы мамандарға вакцинациялау пайдасына иммундау жөніндегі дәлелді ақпарат негізінде саналы таңдау жасау қажеттігі туралы еске салу және ғылыми негізделген ақпаратты тарату;
- ата-аналарды олардың отбасы мүшелерінің, өздерін қорғау үшін де, басқа адамдарды да қорғау үшін уақтылы иммундау өтудің, яғни жалпы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардар ету;
- ұсынылған мерзімдерде профилактикалық екпелерді алмаған адамдарға толықтыра вакцинациялауды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүргізу;
- вакциналарға қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйелерінің әлеуетін арттыру.
Г.Ә.Өмірхан, СЭБ Әл-Фараби бас маманы