Инсульттен сақтаныңыз!

Screenshot_5.jpg

Инсульт кез келген адамда болуы мүмкін. Кейбір қауіп факторлары, аневризма дамуы сияқты немесе жарақаттың нәтижесіндегі тромб, оларды бақылау қиын. Бірақ, маңызды факторлардың көптеген саны өмір сүруге шартталған. 

 55 жастан асқаннан кейінгі инсульттің алдын алу әрекеттерінің жоспары:

1. Жылына 1 рет кардиограмма түсіру.

2. Қан қысымын бақылау және өз нормасын білу.

3. Пульсті бақылау(жыбырлақ ырғақсыздық).

4. Глюкоза деңгейін білу үшін қан талдауын тапсыру (қант диабетін болдырмау үшін) және холестерин деңгейін жылына кемінде 1 рет бақылап отыру.

5. Шылым шекпеу және шылым шегетін жерден аулақ жүру.

6. Есте сақтау: Ерлер үшін күшті ішімдіктің тәуліктік дозасы - 30 г, әйелдер үшін - 15 г.

7. Күніне 5 рет жеміс немесе көкөніс жеу.

8. Майлы тамақ жемеу.

9. Тұзды қолдануды шектеу.

10. Тоя тамақ жемеу. Тамақтануды түрлендіру, дұрысы - күніне 5 немесе 3 рет тамақ жеу.

11. Қозғалыс жасап өмір сүру.

Спортпен үнемі шұғылданыңыз. Кішкене ғана дене жүктемесі – велосипедпен жүру немесе жаяу серуендеу – жүрек қантамыр ауруларының даму қаупін азайтады, соның ішінде инсульттің.

Дене белсенділігі ылғи жастық пен ұзақ өмір сүрудің құпиясы болған және болып қала береді. Сондықтан, қарттықты инсультсіз және басқа да соматикалық ауруларсыз қарсы алғысы келетін адамдар, күнделікті шамалы жүктемемен жаттығулар жасаулары керек. Бұл не береді деп сұрайтын шығарсыздар, сіздер? Дене белсенділігі:

- ұйқыны жақсартады, көңілкүйді көтереді;

- астың қорытылуына көмектеседі; зат алмасуды жақсартады;

- уақытынан бұрын өлу қаупін азайтады;

- денсаулықтың инсульт, жүрек аурулары, семіздік, 2 типтегі қант диабеті, остеоартрит, обырдың кейбір түрлері, семіру және күйзеліске ұшырау ауруларына соқтықпауға көмектеседі және алдын алады;

- құлдырау қаупін азайтады;

- сіздің денеңіздің жастығы мен сұлулығын ұзартады.

Дене белсенділігін бастар немесе көбейтер алдында дәрігермен кеңесу қажет. Жарақат алу қаупін азайту үшін, физикалық белсенді емес немесе аз қозғалатын денсаулығында кінәрәті бар егде адамдар тиісті дәрігерлерден кеңес алу қажет.

А. Джорабаев, Шымкент қалалық  салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі  


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Инсульттен сақтаныңыз!