Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Screenshot_11.jpg

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Мемлекетімізде қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрнеу жалған сөз жеткізу. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету сияқты сыбайлас жемқорлық байланыстары бар екені баршамызға анық.

Азаматтар мен мемлекеттің өзара әрекеттесудегі басты элементі, сондай-ақ отандық жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі элементі «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ», яғни қызмет етуші мен қызмет алушының арасында мүдделер қақтығысын болдырмауға үлкен үлесін қосты.

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасында сыбайлас жемқрлықтың алджын-алу мақсатында бір терезе қағидаты бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қымбатты оқырмандар , сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл баршамызға ортақ міндет, сол себепті сыбайлас жемқорлық бойынша теріс қылық байқасаңыз- Басқарманың сенім телефоны 35-01-63 немесе 1424 нөмерлеріне хабарласыңыз.


Р.Абиева, Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы

тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

басқармасының бөлім басшысы