Маскүнемдік өкпеңді өшіреді

 Screenshot_1.jpg                              

Туберкулез - бұл ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру және  aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамиды. Ең алдымен өкпе, кейде басқа органдарды да зақымдайды. Жұқтыру көзі туберкулезге шалдыққан адам болып  табылады.

Туберкулезді жұқтыру  қалай жүреді?

Туберкулез қоздырғыштары ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, оқығанда, түшкіргенде бактерия шығару арқылы ауаға тарайды. Ауаның жұтқан  адамдарға бактерия жоғарғы тыныс алу жолдарына, өкпелеріне түседі. Осылайша туберкулезді жұқтыру жүреді.

Манту сынамасы – туберкулездің алдын алу үшін жүргізілетін сынама.

1.Туберкулез микробактериясы алғаш рет жұққан және туберкулин сынамасы оң нәтиже көрсеткен адамдарды анықтау үшін

2.Ауруды ерте анықтау үшін. Оны 72 сағаттан кейін ісіну көлемін миллиметрмен өлшеу арқылы анықтайтайды.Ісінудің білек осіне көлденең келетін мөлшері тіркеледі.

Маскүнемдік клиникасы

Маскүнемдік – медицина ұғымында спиртті ішімдіктерді салынып ішуден болатын ауру. Оның жедел және созылмалы түрі болады. Арақ асқазанда тез сіңіп, қанмен денеге тарап, ми жасушаларын уландырады да, адамның көңіл-күйін өзгертіп, ұстамсыз ұшқалақтыққа душар етеді. Маскүнем орынсыз сөйлейді, мақтанады.

Алкогольді жүйелі тұтыну организмнің гомеостазын бұзып қана қоймай, бауырдың, мидың және ұйқы безінің уытты зақымдануларына, сондай-ақ адамның деградациясына, сынның және шарт бойынша өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жетелейді. Мұның бәрі асоциалды адамдармен жиі контактта болумен бірге туберкулезге шалдығудың жоғары қауіпіне даңғыл жол ашады. Бұрын туберкулезбен ауырған адамдар алкогольді жүйелі түрде шектен тыс тұтынғанда туберкулез үдерісінің (процесінің) рецидиві байқалады. Созылмалы маскүнемдіктен жапа шегетін адамдар көбіне профилактикалық тексерулерден бой тасалайды. Маскүнем адам дәрігерге өте кеш қаралады, өйткені өзіндегі дімкәстануды, әлсіздікті, вегетативтік бұзылыстарды бас жазу синдромының білінісі, ал жөтелдің пайда болуын шылым шегудің әсері деп есептейді.

Туберкулезі және алкоголизмі бар адамдардағы туберкулиндік сезімталдықтың теріс немесе төмен болуы мүмкін. Мұның үдемелі туберкулездің, сонымен қатар гиповитаминоздармен және диспротеинемиямен бірге алиментарлық бұзылыстардың зардабы болуы ықтимал. Оның бәрі алкогольді шектен тыс тұтынатын туберкулезге шалдыққан адамдардан деструктивтік (ыдырау) үдерістерін анықтауға жетелейді және маскүнемдік ықпалды ем жүргізуге бөгет болады. Бұл науқастардың химиотерапиясы мұқият бақылауды қажет етеді. Олар амбулаториялық жағдайда нашар емделеді, өйткені дәрілік препараттарды жүйелі қабылдамайды.  Стационарда арақ ішу, режімді бұзу және бұзақылық жасау науқасты емделуден ерте шығаруға, емнің үзілуіне және ондағы туберкулез үдерісінің одан арғы үдеуіне кейде себеп болады.  

 Емі

Бұл науқастардың химиотерапиясы мұқият бақылауды қажет етеді. Олар амбулаториялық жағдайда нашар емделеді, өйткені дәрілік препараттарды жүйелі қабылдамайды.  Стационарда арақ ішу, режімді бұзу және бұзақылық жасау науқасты емделуден ерте шығаруға, емнің үзілуіне және ондағы туберкулез үдерісінің одан арғы үдеуіне кейде себеп болады. Бұл науқастардың емін мәжбұрлеп емдеу бөлімшесінде медициналық бақылаумен емдегені жөн.

О.ВАРИСХОДЖАЕВ, «Түркістан облыстық фтизиопульмонология

орталығы» 7- терапия бөлімшесінің бөлім меңгерушісі


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Маскүнемдік өкпеңді өшіреді
Кейінгі: Көптеген