Биологиялық белсенді қоспалар туралы не білеміз

Биологиялық белсенді қоспалар деген түсінік біздің өмірімізге  енгеніне біраз жыл болды.  Биологиялық белсенді қоспалар  - бұл тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспалар, тамақпен бірге қабылдауға немесе тағам құрамына қосылатын, құрамында белсенді биологиялық заттары бар өнім. 

Screenshot_23.jpg

Бұл препараттар – дәрумендер мен минералдар жиынтығы.  Егер Сіз Биологиялық белсенді қоспаларды   қабылдасаңыз, онда оның мөлшерін сақтау қажеттігін есте ұстаңыз.  Биологиялық белсенді қоспалар адамды емдемейді. Олардың дәрі-дәрмек емес екенін біліңіз.  Сіз биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауды ұйғарсаңыз,  ол шешімге ойланып, дұрыс шешім қабылдап барғаныңыз жөн. Біріншеден, олар ешуақытта өзге дәрілермен үйлеспейді. Екіншіден, биологиялық белсенді қоспаларды ұзақ уақыт бақылаусыз ішетін болсаңыз, керісінше әсер етуі мүмкін. Аллергетиктер биологиялық белсенді қоспаларды қабылдауда өте абай болғаны дұрыс. Олардың көбі түрлі шөптерден жасалады, биологиялық белсенді қоспаларды ішу күтпеген ұстамаға әкеліп соғуы мүмкін. Биологиялық белсенді қоспалар   ағзадағы жетіспейтін дәрумендер мен минералдардың, қажетті элементерімен орнын толықтыру үшін қолданылады және тағайындалады, белгілі ауру кезінде пайда болатын заттардың жетіспеушілігін, тапшылығын толықтырады.  

Кәзіргі уақытта кейбір адамдар биологиялық белсенді қоспаларды дәрумендер ретінде күнделікті тағамға қосып пайдалануда. Көп жағдайда биологиялық қоспалар емдейді деп жатады.   Биологиялық  белсенді  қоспаларды дәрі ретінде емге өз бетінше пайдалануға болмайды. Өйткені оларда әртүрлі өзіндік қоспалары болады. Биологиялық  белсенді қоспаларға мультивитаминдер, минеральды кешендер, омега 3, иммуномодуляторлар және басқа да қоспалар кіреді. Сатылымда биологиялық қоспалар сироп түрінде, тұнба, гель, бальзам тағы басқа да түрде тұтынушыға ұсынылуда. Қәзіргі таңда жеке кәсіпкерлер не болмаса үлкен компаниялар өз өнімдерін, атап айтқанда тағамға  белсенді  қоспаларды тұтынушы  қызығатындай етіп айрықша әдемілеп жарнамалап жатады. Кейбір адамдар  жарнама  арқылы «осы маған керек екен» деп сатып алып өз бетінше ем ретінде пайдаланып  кейін сол өнімге көңілдері толмай басқа дәрумендер іздеп жүретіндер кездеседі. Сондықтан, құрметті тұрғындар әлеуметтік желілерде жарнамаланатын тағамдық биологиялық  белсенді  қоспаларды өзіңіз пайдаланбас бұрын аталған өнімдердің адам ағзасына пайдасы мен зиянын, өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжаттарын толық оқып, танысуыңыз қажет. Тұтынушыға ұсынып отырған әр өнімнің тәртібі бойынша аталған өнімдердің пайдалану мақсаты, дозалары, қарсы көрсетілімдері, ұсынылып отырған  өнімдер дәрілік зат еместігі туралы және басқа да қажетті талаптар толық көрсетілуі қажеттігін  ескертеміз. Дәріхана сертификаты бар және дәріханалар желісі арқылы сатуға арналған биологиялық  белсенді  қоспаларды  сатып алу керек. Биологиялық  белсенді  қоспалар тағам ретінде тамақ өнімдері қауіпсіздігінің гигиеналық талаптарына-Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті 021/2011 және «Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты » 022/2011 техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Ішкі нарықта тұтынушыға сатылуға ұсынылған барлық  биологиялық  белсенді  қоспалар қауіпсіз болуы шарт. Барлық биологиялық  белсенді  қоспаларды әкелуі және өткізуі, сату мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері немесе мемлекеттік тіркеуге беру туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылуы керек. Биологиялық  белсенді  қоспаларды сатып алмай тұрып оның Кеден одағының сайтында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелгені немесе тіркелмегені туралы тексерудің қажеттілігін ескертемшз. Әр адамның деңсаулығы өз қолында екендігін ұмытпайық. Кез келген биологиялық  белсенді  қоспаларды  өз  бетінше пайдалануға болмайтындығы  жөнінде естеріңізде болсын.

Г.С.Нұртаева,

Еңбекші ауданының СЭҚБ бас маманы