Қазақстандық әйел коронавирустан қайтыс болды

Коронавирустан бірінші қазақстандық қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_65234.jpeg

"Құрметті отандастар, бұл шұғыл брифинг. Өкінішке қарай, Қазақстан азаматы коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қаза, барлығымыз ауыр қайғыдамыз. Ертең Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық мәліметтерді қосып, толық мәлімет береді. Бұл жағдай коронавирустың қаупін тағы да ескертіп отыр. Қазір болып жатқанның бәрі барлығымызға сын", - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" арнасының эфирінде.

Бұл - коронавирустың жаңа түрінен Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім.