Коронавирусқа қарсы вакцина сынақтарының алғашқы нәтижелері жарияланды

Америкалық дәрігерлер SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түріне қарсы классикалық вакцинаның клиникаға дейінгі сынақтарының алғашқы нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full1585881147c4903d1df9864d754f069e086776d27a.jpg

Олар нәтижені EBioMedicine ғылыми журналында жариялаған.

Ғалымдар сынаққа SARS атипті пневмониясы және MERS Таяу Шығыс безгегі вирусымен күресу тәжірибесін басшылыққа алғанын және осылайша, бастапқыда қалай әрекет ету керектігін білгенін атап өтті.

Зерттеу авторларының бірі Питтсбург университетінің доценті Андреа Гамботтоның айтуынша, ғалымдар вирустың РНК бөліктері негізінде емес, вирустың S-ақуызының фрагменттері негізінде вакцина жасаған. Себебі, дәл сол арқылы SARS-CoV-2 денеге өтеді.

Сонымен қатар, америкалық мамандар вакцинаның ағзаға енуінің өзіндік жүйесін әзірледі, ол - нано инелермен қапталған пластырь. Оның көмегімен препарат қажетті тереңдікке еніп, иммунитеттің өзімен өзара әрекеттесуіне көмектеседі. 

Зертханалық тышқандарда жүргізілген тәжірибелер вакцинациядан кейін екі апта өткен соң кеміргіштердің иммунитеті коронавирусқа қарсы антиденелерді белсенді түрде өңдей бастағанын көрсетті. Алайда, жануарлардың өздері бастапқыда сау болған.

Дегенмен, ғалымдар ұқсас схема MERS вирусына қарсы вакцинада да байқалғанын атап өтті. Сау жануарларға енгізілген вакцина оларды жыл бойы аурудан сақтады.