52 адам дертті жеңді

Screenshot_11.png

Түркістандық дәрігерлер әлемді алаңдатқан вируспен аянбай күресуде. Мутацияға ұшыраған инфекцияның әзірге емі жоқ. Дегенмен мамандар адамның иммунитеті мықты болса әрі дер кезәнде емдік шара қолданылса бұл аты жаман аурудан түбегейлі жазылып кете алатынын айтуда.  Бұл сөзімізге облыста талай адамның вирусты жеңіп шығуы дәлел бола алады. 

4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында үш науқас коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста індеттен айыққандардың жалпы  саны 52-ге жетті.

Сарыағаш ауданының 1974 жылғы тұрғыны  16 сәуірде Ресей Федерациясынан келген. 17 сәуір күні дәрігерлер бақылауына алынған. Талдама қорытындылары оның COVID-19 инфекциясына шалдыққанын анықтаған.

Сондай-ақ 1994 жылы туған Сарыағаш ауданының азаматы да ауруханаға КВИ инфекциясының расталған жағдайымен 17 сәуір күні түскен. Ол 16 сәуір күні Павлодар-Сарыағаш бағытында жүк көлігімен келген.

Сайрам ауданы, Көлкент ауылының 1992 жылғы тұрғыны да КВИ расталған жағдай диагнозымен 16 сәуір күні ауруханаға түскен. 2 мамырдағы талдама қорытындысы теріс нәтижес көрсетіп, оның COVID-19 инфекциясынан жазылғаны белгілі болды.

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясынан жалпы саны 52 адам жазылды. 


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 52 адам дертті жеңді