Қағаз қолданбайтын аурухана

Screenshot_4.png

Цифрландыру медицина саласына да оң ықпал етуде. Осы ретте Түлкібас аудандық орталық ауруханасы да заман көшінен қалыс қалмай келеді. Айталық  EGOV бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Емханаға 2 картрейдер аппараты алынып орнатылған. Жеке куәлігінде электронды қол таңбасы бар азаматтар дәрігерлік қабылдауға осы картрейдер арқылы тіркеліп қабылдануда. Барлық жүкті әйелдер ХҚКО арқылы электрондық қолтаңба алып жатыр. Олар дәрігерлік қабылдауға келгенде қолтаңба арқылы жазыла алады. Бұл өте тиімді жүйе. Себебі пациенттер бұрынғыдай кезек күтіп отырмайды.

       «Халықтың 98 пайызына электронды денсаулық паспорты толтырылды, 99 пайызы мобильдік цифрлық тіркелімге тіркелді. Ақпараттық жүйелерді біріктіру, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа жүйенің арқасында қағазбастылықтан құтылдық»,- дейді аурухананың бас дәрігері Бахыт Тұрлыбеков.  КМИС бағдарламасы бойынша 219 дәрігер,715 орта буынды медицина қызметкерлері оқытылса, компьютерлік сауаттылыққа 219 дәрігер, 250 орта буынды медицина қызметкерлері оқытылыпты. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі әзірленіп, жұмыстар атқарылып жатыр. Тиісті категориядағы диспансерлік есептегі науқастар тегін дәрі- дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

       Мекеме сондай-ақ  заман талабына сай медициналық құрал жабдықтармен жабдықталған. УЗИ, рентген, ЭКГ, ФГДС, зертхана, физио кабинеттері қызмет көрсетеді. Барлық мекемелер компьютермен жабдықталып, интернет жүйесіне қосылған.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Қағаз қолданбайтын аурухана