Ұлттық сараптама орталығы 5 қалада коронавирусқа ПТР-тестілеу жүргізбейді

«Ұлттық сараптама орталығы» АҚ еліміздің 5 қаласында коронавирусқа ПТР-тестілеуді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық сараптама орталығы 5 қалада коронавирусқа ПТР-тестілеу жүргізбейді

Орталықтың мәліметінше, коронавирус инфекциясын ПТР-тест әдісімен анықтау мемлекеттік тапсырысы бойынша жасалатын зерттеулердің көлемі өте көп болып отыр. «Тест тапсырушылар қатарында науқастармен байланысқан адамдар, пациенттер, медқызметкерлер және басқа да санаттағы азаматтар бар. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алуды уақытша тоқтататамыз» делінген орталық хабарламасында.