Түркістан облысында волонтерлер мен кәсіпкерлер ауруханаларға көмек көрсетуде

Түркістан облысында еріктілер мен кәсіпкерлер ауруханаларға көмек көрсетуде. Өңірдің іскер азаматтары жасанды тыныс алу апараттарын алып беріп, оттегі балондарын жеткізіп берп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200718184140175e.jpg

Келес ауданында кәсіпкер Байбек Қонысбаев «Абай» Келес аудандық ауруханасына 25 оттегі (кисларод) баллонын тарту етті. Қошқарата ауылдық округінің тұрғыны елде қиындық туындаған кезеңде қолұшын беру әр азаматтың адами борышы екенін айтады. Аталған аурухананың бас дәрігерінің мәліметінше, бүгінгі таңда індеттің тарауы біршама бәсеңсіген. Оған себеп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарының сәтті жүруі мен демеушілер тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау. Ал, Арыс қаласының мешіт қызметкерлері бірлесіп, қалалық ауруханаларды 40 дана оттегі баллонымен қамтамасыз етті. Ізгілік пен парасаттылық, таза ниет пен адамгершілік сынға түскен уақытта жасалған имамдардың қайырымдылық істері әлі де жалғасын таппақ.